Close

New articles

Жамаубаев шетелге заңсыз шығарылған қаражатты қайтару іс-шаралары

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Шетелге заңсыз әкетілген қаражатты және онда сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі ұсыныстар бойынша бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру мақсатында ақпарат алмасу бөлігінде халықаралық ынтымақтастықта құқықтық база дайындалды. Атап айтқанда, қаржылық шоттар бойынша автоматты түрде ақпарат алмасу туралы Көпжақты келісім аясында 62 юрисдикциядан ақпарат алу рәсімделді. Бұл 2019 жылдан бері кезеңді қамтиды», - деді министр.

Ерұлан Жамаубаевтың атап өтуінше, АҚШ Үкіметімен Халықаралық салық тәртібін жетілдіру жөніндегі келісімнің ратификациялануы мақұлданды. Оның арқасында екі ел резиденттерінің қаржылық шоттары туралы өзара ақпарат алмасуы жүзеге асырылатын болады.

«Cалық төлеуден жалтару және капиталды сыртқа шығару бөлігінде халықаралық шарттардың ережелерін теріс пайдалануды болдырмау жөніндегі көпжақты конвенция ратификацияланды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере отырып, барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Капиталды елге қайтару және шетелге, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға қаражаттың кетуіне қарсы бағытталған іс-шараларды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленетін болады», - деді ол.

Министр мұнан бөлек дивидендтерге салық салу, материалдық емес қызметтер және бақыланатын шетелдік компаниялар бойынша шегерімді шектеу жөнінде заңнамалық түзетулер әзірленгенін айтты.

«Сондай-ақ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін ескере отырып, трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша заң қабылданады. Осы бағыт бойынша нақты ұсыныстар екі ай ішінде Мемлекет басшысына ұсынылады», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Source: www.ktk.kz